Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Біз бақытты ұрпақпыз. Тәуелсіздік жолында қыршынынан қиылып, шейіт кеткен аяулы азаматтарымызды еске ала отырып, бүгінгі күнімізге мың бір мәрте тәубе айтуымыз керек. Осыдан ширек ғасыр бұрын Елбасы Тәуелсіздігімізді жариялағанда, талай адамның көз жасын тия алмай, еңсесімен еңкілдеп жылағанын өз көзіммен көріп едім. Бір ғана мысал келтірейін. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын-сатирик Қажытай Ілиясұлы:Ақынды демеп, батырды елеп жатсақ та,Босадым ойлап, перзенттеріңнің тағдырын.Елбасына көріскім келді, сондықтан,Перзенттеріме тұмар ғып, күлліЖарлығын! – деген екен.Елбасының 2015 жылы 27 мамырда жарияланған «100 нақты қадам» атты Ұлт Жоспарын тәуелсіз Қазақ елінің тұмарына балауға болады.Мұнда қазақстандық дамудың жаңа бағыты нақты белгіленіп, «1) Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру; 2) Заңның үстемдігін қамтамасыз ету; 3) Индустрияландыру және экономикалық өсім; 4) Біртектілік пен бірлік; 5) Есеп беретін мемлекетті құру» орайындағы 5 институттық реформаны жүзеге асыру көзделген еді. Содан бергі жарты жылдың ішінде жаһандық қиындықтарға қарамастан, шетелдік дамыған мемлекеттермен біріктіретін экономикалық ынтымақтастықтың Қазақстанда тұратын барлық халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған жарқын жаңғыртулардың куәсі болып отырмыз.Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт Жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» деген бағдарламалық мақаласындағы негізгі ой жоғарыда аталған бес президенттік реформаның төңірегінде өрбиді. Өйткені, осы бес институттық реформаны жүзеге асыру – «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының жүзеге асырылуы деген сөз.Осыдан келіп Қазақстанның экономикасын дамытып, мемлекет пен қоғамды өзгертетін тарихи міндеттер кешенін шешуге даңғыл жол ашылды және ол заңдық тұрғыдан бекітілді. Қарқынды түрде шұғыл атқарылып жатқан осы жұмыстар Елбасымыздың дара жол, сара саясатының нәтижесі деп білеміз. Сондықтан да сан мыңдаған шәкірт оқытып отырған Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ұжымы да мұны тек біліп қана қоймай, сондай-ақ, практикалық өмірде де қазақстандық арманның жаңа ағысына ілесе білуіміз қажет.«Кәсіби мемлекеттік аппаратты құру» деген бірінші реформа – «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру үшін мемлекетті кәсібилендіруге бағытталған. Ендігі жерде мемлекеттік қызметкерлер конкурс және меритократия қағидаттары арқылы іріктелетін болады, яғни бәсекеге лайықты дарынды және еңбекқор адамның қоғамдық мәртебе иеленуге мүмкіндік беретін алғышарттары толық жүзеге асатын болады. «Билік, басқару» деген мағына беретін меритократия ұғымының алғашқы негізі Грекияда жатыр. 1973 жылы америкалық ғалымдар – бюрократия мен технократияны жоюға септігін тигізетін басқарудың жаңа қағидаты ретінде «лайықтылар билігін», яғни меритократияны тәжірибеге енгізе бастады. Бұл жерде қадап айта кететін бір мәселе – меритократия қағидаттарының бірінші рет Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақ елінде ғана мемлекеттік заңға енгізілуінде. Биылдан бастап, заңды түрде жүзеге асатын осы қағидаттарға сай келген мемлекеттік және өкілетті қызметкерлер Ұлы Дала елінің мәртебесін асырып, атағын асқақтата түседі деп ойлаймыз.Бірінші реформа бойынша мақаладағы ең маңызды мәселе – Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік құрылымында «Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық бюросының» ашылып, тек мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, сондай-ақ, жемқорлықтың барша көріністерінің алдын алуға бағдарланған жүйенің де жаңғыртылуы дер едік. Осындай ұстанымдарға негізделген Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы жаңа заң халықаралық стандарттарға бағдарланып, жаңа жылдан бастап күшіне енді.Сондай-ақ, қазақстандық азаматтар мен мемлекеттік қызметкерлерге кеңес беріп, олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін – этика бойынша өкілетті өкілдер жаңа институтының құрылуы жобасы да көңілге медет.Заңның үстемдігін қамтамасыз ететін «Құқық тәртібі және заңдылық» деп аталған екінші реформа тәуелсіз сот төрелігі мен Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінің тек қана азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге, заңдарды қатаң орындауға және құқық тәртібін нығайтуға бағытталған.«Индустрияландыру және экономикалық өсім» атты үшінші реформаны «Бюрократтық шығынсыз экономикаға қадам басу» деп оның нақты бағытын айқындап береді. Мұнда индустрияландыру мен экономикалық өсімді қамтамасыз ету кешенді түрде жүзеге асырылмақ. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдап-қорғаудың тиісті деңгейі қамтамасыз етіледі. Осыған байланысты еркін бәсекелестік жан-жақты дамитын болады.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы