Бұқар жырау поэзиясышыгарма

Бұқар жырау поэзиясышыгарма
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668—1781) — қазақтың ұлы жырауы, 18 ғ. жоңғар басқыншыларына қарсы Қазақ-жоңғар соғысының бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылай ханның ақылшысы. Халық өмірінің алмағайып-аласапыран, тарихта қалу-қалмауы екіталай кезеңінде тұрмыс кешкен жырау өз толғауларында сол тұстағы көкейкесті, күрделі мәселелерге жауап іздеп, соның бірден-бір жоқшы-жыршысы бола білді. Оның жыр-толғауларының үнемі әлеуметтік өткір мазмұнға құрылып отыруының басты себебі де осыдан. Бұхар жырау- қазақ жыраулар поэзиясының алыбы. Бұхар жырау туралы, оның шығармаларының негізгі сарындары, көркемдік сипаты жөнінде айту- сол дәуірдің поэзиясын тұтас қамтып айтуБұхар жыраудың поэзиясы бүтін бір халықтың жан-дүние, таным-талғам иірімдеріне жалғасып жатқан құбылыс. Жырау шығармалары жеткізер дүние жеке адамның көріп-біліп, көкірекке түйгенінен әлдеқайда кең жатыр, оның шығармалары- тұтас халықтың сзім-күйі, ой-өрісі, тарихы мен тағдыры. Бұхар жыраудың адамды игілікке, әділдікке, ізгілікке тәрбиелейтін адамгершілік мәселесін көтерген нақылға толы толғаулары – оның ұрпағына қалдырған асыл қазынасы.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы