Биография о Магжане Жумабаеве. Пожалуйста, очень срочно 35Б

Биография о Магжане Жумабаеве. Пожалуйста, очень срочно 35Б
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Мағжан Жұмабаев - қазақ поэзиясының ірі өкілдерінің бірі. 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Сасықкөл деген жерде туған. Бала кезінен өте зеректігімен көзге түскен Мағжан төрт жасынан хат таниды. Қызылжардағы М.Бегішев ашқан медреседе 5 жыл оқып, 1910 жылы бітіреді. 1910-1913 жылдары Уфадағы "Ғалия" медресесінде оқиды. 1912 жылы Қазан қаласында ұстазы, татар жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтың көмегімен "Шолпан" атты тұңғыш жинағы басылып шығады. Осыдан соң Мағжан Жұмабаев Омбыдағы мұғалімдер семинариясына түсіп, 1916 жылы оны медальмен үздік аяқтайды. Семинарияны бітірген соң "Алаш" партиясын құруға қатысады. Жиырмасыншы жылдардың бірінші жартысында шығармашылық өнімді еңбекпен шұғылданады. Әйгілі "Батыр Баян" поэмасын жазады, баспасөзде біраз дүниелері жарық көреді. 1923-1927 жылдары М.Жұмабаев Мәскеуде жоғарғы әдеби- көркемөнер институтында оқиды. Бұл жылдары орыс, Батыс Европа әдебиетін терең зерттеп оқиды. 1929 жылы ол "Алқа" атты жасырын ұлтшыл ұйым құрды деген жалған айыптаумен сотталады. Шын мәнінде бұл әдеби платформаға қатысты үйірме болатын. Шығармашылықпен, айналысқан алғашқы он жылда ол ұлт- азаттығын поэзияда ең терең қозғаған ақын болды. Өкінішке орай, 1929 жылдан 1938 жылға дейінгі ақынның он жылдық ғұмырында шығармашылық үнсіздік орнайды. Ақын 1938 жылы халық жауы деген "үштіктің" шешімімен жазықсыз атылады. Ол қазақ әдебиетін орыс, Европа әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. Елінің тарихы мен мәдени мұраларын терең білуі "Батыр Баян", "Қорқыт", "Оқжетпестің қиясында", "Қойлыбайдың қобызы", "Ертегі" т.б. сияқты тамаша поэмалар тудырды.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы