Қожа Ахмет Йасауи хикметтері 3 шумақ

Қожа Ахмет Йасауи хикметтері 3 шумақ
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
1-ХИКМЕТ. УА, ЖАРАТҚАНУа, жаратқан! Хақ есігін аш алыстан,Мен бір жемтік, жеді нәпсім – аш арыстан. Күнәм шексіз, бақытсыздық батпағынан Шығара гөр, мен бейбақты қасарысқан. Дүние – нәпсі, соны іздеген соры қалың Иттей болдым, сүйек тастар жолыма кім? Қара басты! – Хақ жолынан мен адастым, Қайда барам, ей, достарым, не қыламын? Нәпсі, шайтан жүргізеді жарлық маған, Бір пенде жоқ соған құл боп шалдықпаған. Пендең сорлы – танымаған оң мен солды, Уа, дариға, қасіреттен қаңғып барам. Десе сенбе: менен де өткен болды әлемет, Қылығыммен салып біттім елге де әлек. Жүзім – қара, басып өткен ізім қара, Қай түріммен көрінемін, мен – қарабет?!
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы