Шыгарма нужно написать на тему Достыкты багалай билейк
Шыгарма нужно написать на тему Достыкты багалай билейк
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бір
Гость
Мақсаты:
1. Оқушыларға достық туралы терең түсінік бере отырып, адал достыққа шынайлыққа баулу.
2. Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екндігіне көз жеткізу.
3. Достық , сыйластық туралы пікірлесе отырып, оқушылар арасында достық сезім қалыптастыру.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі. Бірақ кейбіреулер шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді. «Достық - өмір ұшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке ие бола тұрсада, дос жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сайысымыз жалпы дос, достық туралы болмақ.
Ал енді бүгінгі сайысымыздың бөлімдерімен танысыңыздар.
1. «Дос табу оңай- сақтау қиын» достық ережесін құру
2. Мақал –мәтелдің жалғасын тап
3. Жағдаяттан шығу
4. Логогрифті оқып, қараммен жазылған сөздерді аудару
5. Сахналау
6. Достық туралы мақал – мәтелдің орысшадан қазақшаға аудару
Сайысқа қатысушылардың білімділігін , тапқырлығын бағалау үшін әділ қазылар алқасын сайлау
Зұлымдықтан әрқашан жиренейік,
Адалдықты сүюді үйренейік
Бірлікпенен тірлікті ұштастырып,
Бір әдемі ғажайып, күйге енейік.
«Достық торы» әр оқушы өз атының 1 әрпіне байланысты бір сын есім айтып тілек айту.
І. Достық - өзара сенім, өзара қалауымен , ортақ қызығушылықтар негізінде құрылған терең, шынайы қарым –қатынас. Достық жібін үзіп алмай достық ережесін құрайық.
«Достық ережесін» құру
ІІ. Мақал – мәтелдің жалғасын табу
«Мақал айтсаң – жол көрсеттің,
мәтел айтсаң – жанымды жайландырдың» демекші мақал – мәтел айтып жарысайық.
Көтермей бір сөзіңді өкпелесе
Нағыз дос бірін – бірі жамандамас
Араға көп өкпе сап табандамас
Көңілі татулықтың шабандамас
Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз
Жасыған жездей болып мойымаңыз
Сыр алмаған біреумен дос болам деп
Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз.
ІІІ. «Жағдаятты шешу»
1. «Жақсы дос»
2. «Алғашқы жаңбыр жауғанша»
IV. Логогрифті өлеңді оқып, қарамен жазылған сөздерді аудару.
Сенім дос,
Отырма бос.
Екіге екіні қос,
Жауабын тос.
Дос – друг, бос- свободный, қос –прибавь, тос- жди.
V .Сахналау
1. Достарыңмен қоштасу кезіндегі мұң
2.. Өз досыңның жеңісіне мақтаныш
VI. Достық туралы мақал – мәтелдің орысшадан қазақшаға аудару.
1. Крепкая палка лучше плохого попутчика
Жаман жолдастан таяғым артық.
2. Над бедой друга не смейся, тоже может случится и с тобой.
Күлме досыңа – келер басыңа.
3 .Одежда хороша новая
А друг старый
Киімнің жаңасы жақсы
Достың ескісі жақсы.
3. Дружи с тем у кого приятелей, много откровейничай с тем, у кого друзей мало.
Дос көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
VII. Сәлем өрен достарым
Өмірге кеп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты
Ән айтыңдар шаттықты. Ән: Достарым
VIII . Қорытынды.
Құс қанатымен мықты,
Адам достарымен мықты жылы сөздерін жазып бір –біріне ұсыну. «Достық сыйы»
Адам бойындағы жақсы қасиеттер , әлемнің татулығы бәрі де осы достықтан бастау алады. Сол бастау сіздердің бойларыңызға қаланды деп сенемін. Бүгінгі достығымыз әрқашан берік болсын!
ШҚО. Абай ауданы. Қасқабұлақ ауылы
М. Әуезов атындағы орта мектебі
«Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі
Зиятова Маржан Жумагадиловна
Не нашли ответ?
Похожие вопросы