Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Әдебиет-жай ғана « сабақ » деген аяға сия бермейтін кең ұғым. Біз әдебиет сабағының негізгісі-көркем шығарманы талдау деп есептейміз. Осы көркем шығарманы Карл Поппердің «Дебат – пікір сайыс » бағдарламасы бойынша талдауға болады.VIII сыныпта өтілген Ш. Айтматовтың «Найман-Ана» әңгімесінен алған бағдарлама бойынша талдау үлгісі.
Сабақтың мақсаты:
1.Әңгіменің басты кейіпкері Найман-Ана өліміне екі түрлі көзқараста баға беру.
2.Қызу пікірталасқа қатыса отырып, әр топ (жақтаушы,даттаушы) өз пікірін дәлелдемелерге сүйеніп, айғақтар келтіру арқылы өз көзқарастарын қорғап шығу.
3.Әңгімені түсініп оқу, яғни сөз арасына үңіліп, мағынасын түсіну, өзекті ойды бөліп ала білу, сыни тұрғыда ой қортындысын жасау, өз пікірін қорғай білу және сөйлеу мәнерін қалыптастыру, дағдысын қалыптастыру, дағдысын дамыту.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ.
Сабақтың әдісі: пікірін айту, мәтінмен жұмыс, қарама-қарсы сұрақ қою.
Пәнаралық байланыс: тарих, бүгінгі өмір.
Сабақтың барысы:
Жоспары:
1.Өзектендіру (Сабақ жоспарымен таныс-
тыру)
2.«Ботасын іздеген мұңлы ана өмірі» атты көрініс.
3.«Найман-Ана өлімінің себепшісі-туған ұлы» дебат пікір-сайысы.
4.Қолдан жасалар мәңгүрттікке жол жоқ! (қорытындылау)
Оқушылар өздері дайындаған «Ботасын іздеген мұңлы ана өлімі» атты көрініс қояды. Сабақты талдау «Дебат» үлгісі бойынша жүреді
1.Резолюция ұсынылады: «Найман-Ана өлімінің себепшісі –туған ұлы»жақтаушы топ дәлелдеуі. Расында да, әңгімеде Найман-Ана туған ұлының қолынан өледі. Ана байғұс кен даланы кезіп, Сарыөзекті іздеп, баласын іздеп келгенде, оған туған ұлы қастандық жасап өлтіреді.
Бұдан мынандай қортынды шығады: «Ананың көңілі-балада, баланың көңілі- далада» (халық сөзі)
Жақтаушы топ 2 аргумент белгіледі.
1.«Айналайын, жан балам, жүргенің жақсы сен аман»
Ж.Айжанова «Ана туралы аңыз»
2. Өзіңнен туған өгей ұл. (заман талабына сай дін,тіл,есірткі мәселесі) Даттаушы топ: Әңгімедегі Найман-Ана себепшісі туған ұлы емес, ол ауру, яғни мәңгүрт болған соң өлтірді. Ал мәңгүрттік жаудың ісі дей келіп, контррезолюция ұсынады:
«Найман-Ана өлімінің себепшісі-туған ұлы емес»
Олардың критерийі: «О заман! Артар бәрін саған ғана, обалын кім көтерер сенен басқа»
Р.Қосбармақов «Халқыма қаратпа»
Қарсы топтың аргументі сияқты 2 аргумент алынады:
1.«Заманым-желген желмая»
(Асан қайғы толғауынан)
2.Ой-санасы уланған-қатыгездік
Міне, екі топ («Зерек», «Аманат») осындай аргументтермен пікір таласқа түсті. Даттаушы топтың спикерлері өз пікірлерін дәлелдеу үшін ата-аналарынан дәл осындай жағдай өз бастарында бола қалған жағдайда қандай әрекетке баратынын сұрауға дейін бар-ған. Демек, оқушының оқиғаға сыни көзбен қарай алғандығы байқалады. Балалар өз пікірлерін дәлелдеу үшін әңгімеден қажет сөздерді іздейді, мағынасын талдайды.
Шешім шығару: Қатысқан мұғалімдер мен оқушылардың пікірін тыңдау және дауысқа салу.
Бекіту: 2 топтың да спикерлеріне талдау жасай отырып, бағалау.
Мәңгүрт сөзінің астары неде? Жалпы, мәңгүрттік туралы не ойлайсыңдар?
Оқушының ойын оқу арқылы бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, сабақты қортындылау.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы