Оқшау сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгілерін атаңдаршы))

Оқшау сөздерге байланысты қойылатын тыныс белгілерін атаңдаршы))
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Оқшау сөздер 3 ке бөлінеді:қыстырма,қаратпа,одағай Қаратпа сөздің тыныс белгілері:  1.Қаратпа сөз сөйлем басында тұрса , одан кейін үтір қойылады. Ал қаратпа сөз көтеріңкі дауыспен айтылса , соңынан леп белгісі қойылады.  М-лы: Абай, сен осы ақынсың-ау! (М.Ә)  Ой, әке-ай! Алысқа барып келдім. Барлық істі тындырдым.(Б.)  2. Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе,қаратпа сөздің екі жағынан үтір қойылады.  М-лы: Ұялма, қалқам, бір сайра, біз де алалық үлгіні. ( Крылов- Абай)  3. Қаратпа сөз сөйлем соңында келсе, алдынан үтір қойылады.  М-лы: Көріскенше қош болыңдар , бауырлар. Қыстырма сөздердің тыныс белгілері.  Қыстырма сөздер де қаратпа сөздер сияқты сөйлемнің басында келсе ,үтір оның соңынан қойылады, сөйлемнің ортасында келсе , екі жағынан, ал сөйлем соңында келсе, үтір алдынан қойылады.  Мысалы: Шіркін, сазгердің «Аққу» күйін тыңдағанда, нағыз аққудың үні естілгендей болады!  Ұлтуғанды Мұстафаның үйі , әсіресе, Сілеусін жақсы көреді.(С.М.)  Өзі осында келіп пе , сірә?  ІІІ. Одағай сөздер. Одағай сөздер өздігінен сөйлем мүшесі болмаса да, сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көңіл- күйін ( қуану, таңдану, ренжу, өкіну) білдіреді.  Айтушының көңіл-күйін, әр түрлі эмоциясын білдіретін  оқшау сөздерді одағай сөздер дейміз. 
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы