Сочинение хамкор боламын

Сочинение хамкор боламын
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Адам өсе келе өз болашағы жайлы көп ойланады екен. Жастық шақтың қалай тез өтіп кететінінде байқамай қалады. өмірдегі басты мақсат осы бес күндік жалғаннан өз орнын табу емес пе? Мен әлі мектеп табалдырығында оқып жүрген оқушымын , ата-анамның көзінде кішкентай қыз болсам да , өз болашағым жайлы көп ойланамын. Алдағы өмірім қандай болмақ? Болашақта мен кім боламын? Қандай мамандық иесі атанамын? деген сұрақтарға көп ойланамын. Жай ғана ойланудың аз екендігінде білемін. Сондықтанда қазірден бастап алдыма мақсат қойып , оған табанды түрде кірісіп , арманымның жетегіне еріп келемін. Елбасымыз айтқандай «Болашақ-білімді жастардың колында» демекші біздің болашағымыз өз қолымызда. Келешегімізді бүгіннен де нұрландыра түсу де өз қолымызда. Ал болашағымыз баянды да бақытты , нұрлы да шуақты болуы үшін менің ойымша ең алдымен өзіне лайық мамандық иесі атану. Себебі , әр мамандықтың өзіне тән ерекшеліктері мен маңызы бар. Мысалға ұстаздықты алатын болсақ , Мағжан Жұмабаев «Қазақтың қаны да бір , жаны да бір жолбасшысы-мұғалім» демекші ұстаздық ең жоғарыда тұратын , өте құрметті де қадірлі мамандық. Ұстаз алдындағы шәкіртті қандай жолға түсірсе , шәкірт сол бағытты өмір бойы ұстанып жүреді деп ойлаймын. Жалпы жалғыз ұстаздық қана емес , мейлі шахтер болсын , аспаз , құрылысшы болсын , өз алдында жеке бір мамандық деп білемін. Ал өзім жайлы айтатын болсам , болашақта қандай салада жұмыс істейсің? деген сұраққа мен ойланбастан биология саласы дер едім. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманда биология , химия , физика және математика салаларына жете көңіл бөлінсін» демекші мен жеке биология саласын одан әрі дамытқым келеді. Атақты ғалымдар сияқты жаңалықтар ашу менің басты мақсатым. Әрине бұның барлығы да қазір арман болса да , жоғарыға көтерілу жолында қиындықтар туындайтынын білсем де , мен бұл мақсатыма жететініме сенімдімін. Және де бұл ойымды жүзеге асыру мақсатында қазіргі күннен бастап мен алға қарай қадам басудамын. Дереккөзі: https://www.zharar.com/kz/esse/8744-future.html © www.ZHARAR.com
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы