Сочинение "Урок музыки" на казахском

Сочинение "Урок музыки" на казахском
Гость
Ответ(ы) на вопрос:
Гость
Кеше бізде ән сабағы болды.Мен үшін кешегі күн ең керемет күндердің бірі болып саналды.Күнімнің бәрін осы ән сабағы сәндегендей болды.Біз ән сабағында түрлі қызықты әндер орындадық.Мысалға  Это родина моя Прекрасное далеко.Бұлар менің ең қатты жақсы көретін әндерім. 
Гость
Музыка сабақтарында балалар жан-жақты даму барысында алдына көптеген мақсаттар қоя біледі. Дəлірек айтсақ, балаларды музыканы тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мəнерлікке баулу, дыбыстардың типін түсіну жəне музыкаға қызығушылығын арттыру. Жан-жақты музыкалық даму баланың ішкі дүниесін байытады, сонымен қатар музыка өнерін терең жəне толық қабылдатып қана қоймайды, айналадағы дүниеге, өмірге, адамдарға деген көзқарасын өзгертеді. Əн айту, музыка тыңдау, музыка əдебиеттерімен танысу, музыкалық сауат жəне қозғалыс (ырғақ) музыкаға тəрбиелеудің міндетті бөлімдері. Музыкалық шығармашылық əн айту, тыңдау, музыкалық сауаттылық жəне музыкалық ырғақ педагогикалық процестермен байланыста болса ғана, шығармашылық белсенділік нəтижелі болады. Үйірмелерде оқушылар музыка сабағында алған білімін кеңейтіп, орындау дағдыларын тереңірек меңгеруге мүмкіндік алады. Мектептегі бір сағаттық музыка сабағы оқушылардың музыкалық бейімділігін жете дамыта алмайды. Сондықтан сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық жұмыстарға қатысуы арқылы олардың қабілетін дамытуға мүмкіндік туады. Бұл жұмыстардың қай түрі болсын, оқушының музыка сабағынан алған білімін толықтыруы тиіс. Сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық-көпшілік жұмыстар оқушыларды барынша көбірек қамтуды, олардың танымын кеңейтіп, музыка өнеріне деген көзқарасын қалыптастыруды мақсат етеді. Осы мақсатқа жету үшін, баланың жас ерекшелігін ескере отырып, оны қызықтыратындай тақырып пен музыкалық материал таңдап алғаны жөн. ұйымдастыру алдында біршама дайындық əңгіме жүргізіледі.Музыка сабағында да ойын технологиясын қолдана отырып, материалды тез меңгеруге, музыкалық шығармаларды қабылдауға, әуенді ести білуге үйретуге болады. Бастауышта оқытылатын барлық пәндер сияқты музыка сабағында да ойынның маңызы зор. Ойынды әдетте мұғалім сабақ алдында не сабақты қорытындылар сәтте пайдаланады.
Не нашли ответ?
Ответить на вопрос
Похожие вопросы