Ответ(ы) на вопрос:
Қазіргі Орта Азия мен Қазақстан жерін бір кезде мекен еткен түркі халықтарының тарихында қоғамдық дамудың жаңа басқышы болғандығын,осы кезде түркі қауымын айдай әлемге танытқанұлы ғұлама Әл-Фараби,А.Йасауи,А.Жүйнеки тарих сахнасына шығып, әлемдік шығармаларын туғызған, түркі халықтарының қоғамдық мәдени даму тарихында қайта өрлеу ренессонас дәуірінің болғандығы айтылады..Шығыс ғалымдары Аплатон мен Аристотельден кейінгі «Екінші ұстаз» деп ат берген Әбунасыр әл-Фарабидің еңбектері.Әл-Фараби-энциклопедиялық білімі бар ғалым.Әл-Фараби мен Абай ойларының ұқсастығы.
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.Әл-Фараби-ғұлама, ойшыл.
Қосымша оқуға: А.Машанов. Әл-Фараби мен Абай. Алматы, «Қазақстан»,1994
Ахмет Йасауи (ХІІ ғ.) «Хикметтер»
Сопылық ілімнің адамзат тәрбиесінде алатын орны.Сопылық ілімнің ақын,ойшыл, ұстаз, бүкіл түркі жұртына имандық нұрын шашқан діни қайраткер,сопылық ағымның ғұлама пірі Йасауи поэзиясында дәстүрлі жаңа бір мазмұнда жалғасып,орын алуы.Түркі тілінің мәртебесін көтеруге қызмет етіп,өз өмірімен үлгі болған ұстаз туралы. Ұстаздың пәлсафалық ойлары.
Ахмет Жүйнеки (ХІІ-ХІІІғ.) «Ақиқат сыйы» кітабы
Кітаптағы айтылмақ ойдың сабағы.А.Жүйнекидің қанатты сөздері.
Қарахан әдебиеті. Жүсіп Баласағұни(ХІ ғ.) «Құтты білік»
Дастанда көтерілген негізгі мәселе. Шығарманың тақырыбы мен идеясы. Дастандағы адам мүмкіндігінің шексіз екендігі,адамның әділетке жете алатындығы, мұсылмандардың қырқыншы парызы- ғылымның таным үрдісіндегі рөлі.Тіл, білім,қайырымдылық,адамгершілік, бала тәрбиесі,көрші хақы,қонақ күту,ел басқару,адамшылыққа қарама-қарсы қылықтар жөніндегі көтерілген мәселелер.
Баласағұни- арабтың аруз өлшемін түркі поэзиясына алғаш кіргізген ақын.Қазақ әдебиетінде табиғат лирикасының бастаулары Баласағұни еңбектерінде.Абай мен Баласағұнидың табиғат жайлы өлеңдеріндегі ұқсастық.
Пәнаралық байланыс. Қазақстан тарихы. Қарахан мемлекеті.
Қосымша оқуға: Абай Құнанбаев «Жаз», «Жазғытұры» өлеңдері.
Махмұд Қашқари (ХІ ғ. ) «Түркі тілдерінің сөздігі»
Махмұд Қашқари- орта ғасырдағы түркі тайпаларынан шыққан ірі ғалым,ауыз әдебиетін жинаушы,араб,парсы мәдениетін,араб грамматикасын жетік білген адам.
Не нашли ответ?
Похожие вопросы